
"KMG Barlau" ЖШС-де комплаенс-офицер "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ комплаенс қызметінің өкілдерімен бірлесіп, комплаенс мәдениетінің деңгейін және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлығын арттыруға бағытталған оқыту семинарын өткізді.
Семинар аясында "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Комплаенс үшінші тұлғаларды тексеру" және "KMG Barlau "ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты"өзекті тақырыптары қаралды.
Оқыту барысында "KMG Barlau" ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі ережелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттары, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібі, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау жөніндегі міндеттері қаралды. Қосымша қатысушыларға "KMG Barlau" ЖШС-де "жедел желінің"жұмыс істеуі туралы ақпарат ұсынылды.
Жеке блок Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға шолу жасауға арналды. Қатысушыларға жаңа заңнамалық талаптар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары және ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, оқыту шеңберінде қатысушылар контрагенттерге, жеткізушілерге және өзге де үшінші тұлғаларға комплаенс-тексеру жүргізудің негізгі қағидаттары мен рәсімдерімен танысты, комплаенс-тәуекелдерді анықтау және азайту, әлеуетті әріптестердің іскерлік беделіне тиісті тексеру жүргізу, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу комплаенс бақылау жүйесін дамытуға, қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға және компаниядағы ашықтық, адалдық және корпоративтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

