Құрметті әріптестер, Сіздерді өз блогымда көргеніме шын жүректен қуаныштымын!

 «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан лицензиялық учаскелерге геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізеді.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты сейсмикалық барлау жұмыстарын сапалы және қауіпсіз жүргізу, далалық жағдайларда да, геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу және интерпретациялау кезінде де заманауи технологияларды пайдалана отырып, сенімді геологиялық деректерді алу болып табылады.

«KMG Barlau» компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жалғыз қатысушысы болып табылады. Компания аға буын геологтардың  мол тәжірибесіне сүйене отырып және заманауи инновациялық технологияларды пайдалана отырып, дарынды, өршіл жас мамандардың тәжірибесімен  алға қойылған міндеттерді уақытында орындауға ұмтылады.

Өндірістік жұмыстарды орындау кезінде «KMG Barlau» компаниясы қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және өндірістік жарақаттар мен ауруларды болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдайды.

Ұжым Қазақстан Республикасының көмірсутек ресурстарын толықтыру үшін барлық міндеттерді бірлесіп шеше алатын дәстүрлі кеңестік мектептің жоғары білікті геологтары мен геофизиктерінен және озық ойлы заманауи жас буынды мамандарды қамтитын командадан тұрады.

 

Самат Әлиұлы Боқанов

«KMG Barlau» ЖШС-нің бас директоры