Жұмыстар 2022 жылғы 21 желтоқсанда берілген №182-ГИН лицензиясы негізінде девон және таскөмір дәуірлерінің шөгінділерінің болашағын зерделеу мақсатында жүргізілуде.

Лицензиялық учаскенің жалпы ауданы – 7 576,27 км².

Берёзовский учаскесі әкімшілік тұрғыдан Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Шыңғырлау және Сырым аудандарының бір бөлігін қамтиды және облыс орталығы – Орал қаласынан шығысқа қарай 140 км жерде орналасқан.

Зерттеліп жатқан учаскеге тікелей жақын маңда Қарашығанақ газ-конденсат кен орны орналасқан.

Жер қойнауын геологиялық зерделеу бағдарламасы аясында 338 желілік километр көлемінде 2D МОГТ далалық сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді, алынған деректер өңделіп, интерпретацияланды.

«Берёзовский» учаскесінің болашағына Sinopec компаниясының қызығушылық танытуына байланысты, «KMG Barlau» ЖШС мен Sinopec арасында жер қойнауын геологиялық зерделеу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын беру жөнінде шарт жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Қытайдың Sinopec корпорациясы «Березовский» жобасын бірлесіп жүзеге асыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

240112-x-3.jpg

ПВ нүктесінде дірілді орнату тобы

240112-x-2.jpg

ПВ соңғы нүктесі

Сіз мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары,сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.

8 800 080 47 47


WhatsApp арқылы байланыс үшін жедел нөмір
8 771 191 88 16

Интернет-портал
www.sk-hotline.kz

Электрондық пошта
mail@sk-hotline.kz


Жедел желіге тәуелсіз оператор — KPMG компаниясы қызмет көрсетеді