Жұмыстар 2022 жылғы 21 желтоқсанда берілген №183-ГИН лицензиясы негізінде юра және палеозой шөгінділерінің болашағын зерделеу мақсатында жүргізілуде.
Лицензиялық учаскенің жалпы ауданы – 3 184,51 км².
Болашақ учаскесі әкімшілік тұрғыдан Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы аумағында орналасқан.
Ең жақын елді мекен – аудан орталығы Бейнеу, ол учаскеден 55 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы – Ақтау қаласы, учаскенің оңтүстік-батысында, шамамен 220 км жерде орналасқан.
Учаске аумағының көп бөлігі Каспий теңізінің акваториясында орналасқан, мұндағы су тереңдігі 1,0–3 метрді құрайды. Ең жақын теңіз порты – Баутино (80 км).
Учаскенің мұнай-газдылық болашағы көршілес аумақтағы Қолтық, Қаратұрын, Комсомолское және басқа да кен орындарының ашылуымен расталып отыр.
ГИН бағдарламасы аясында тарихи деректер қайта өңделіп, қайта интерпретацияланды. Сонымен қатар, 613 желілік км көлемінде 2D МОГТ далалық сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді.
Жер қойнауын геологиялық зерделеу шеңберінде жүргізілген сейсмикалық барлау нәтижелері мезозой және палеозой шөгінділерінің болашағын растады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ арасында «Болашақ» учаскесінде жер қойнауын пайдаланудың күрделі жобасы аясында көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісімшартқа қол қойылды.
Сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілген рельеф пен жер бедерінің ерекшеліктері
Шеркала тауы
Қараған гүлі