Жұмыстар 2022 жылғы 21 желтоқсанда берілген №184-ГИН лицензиясы негізінде, юра шөгінділерінің мұнай-газдылық әлеуетін зерделеу мақсатында жүргізілуде. Лицензиялық учаскенің жалпы ауданы – 476,64 км².

Солтүстік Өзен учаскесі әкімшілік тұрғыдан Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысына қарасты Қарақия және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан.

Облыс орталығы Ақтау қаласы учаскенің оңтүстік-батысында, шамамен 130 км қашықтықта, ал Жаңаөзен қаласы – 20 км оңтүстікте орналасқан.

Ең жақын елді мекендер – учаскенің оңтүстік-шығыс шекарасына тікелей іргелес жатқан Бостан және Қызылсай ауылдары.

Лицензиялық учаске өнеркәсіптік мұнай-газдылығы дәлелденген Өзен және Қарамандыбас кен орындарының солтүстік бөлігін жанай орналасқан.

ГИН бағдарламасы аясында 401 км² аумақта 3D МОГТ далалық сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіліп, алынған деректер өңделіп, интерпретацияланды.

3D МОГТ сейсмикалық барлау нәтижелері бойынша юра шөгінділерінде әлеуетті құрылымсыз (литологиялық) тұзақтар анықталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында Солтүстік Өзен учаскесінде екі іздестіру ұңғымасын бұрғылау мақсатында барлау және өндіру жұмыстарына арналған Келісімшартқа қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Жер қойнауын пайдаланушы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ.

Келісімшарт аясында оператор ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «KMG Barlau» ЖШС арасындағы келісім негізінде «KMG Barlau» ЖШС-ін тарту жоспарлануда.

21112025.jp

Тәжірибелі жұмыс

Сіз мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары,сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.

8 800 080 47 47


WhatsApp арқылы байланыс үшін жедел нөмір
8 771 191 88 16

Интернет-портал
www.sk-hotline.kz

Электрондық пошта
mail@sk-hotline.kz


Жедел желіге тәуелсіз оператор — KPMG компаниясы қызмет көрсетеді