
«KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында құрылған.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «KMG Barlau» ЖШС-нің Жалғыз қатысушысы болып табылады.
Қызмет түрі – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 2D/3D сейсмикалық барлау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Ұлытау облыстарында орналасқан Солтүстік Өзен, Жарқын, Болашақ, Берёзовский, Мұғалжар, Береке, Шығыс және Оңтүстік Шу–Сарысу атты сегіз лицензиялық учаскеде жүзеге асыру, сондай-ақ Солтүстік Өзен учаскесінде екі іздеу ұңғымасын бұрғылау.