
2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында HALLIBURTON компаниясы АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында LIFE2025 Landmark Innovation Forum & Expo 2025 инновациялық форумы мен көрмесін ұйымдастырды.
Форумға әлемдік және ТМД елдеріндегі барлау және өндіру саласындағы ірі компаниялардың басшылары мен топ-менеджерлері қатысты. Қазақстан тарапынан “KMG Barlau” ЖШС және “ҚМГ Инжиниринг” ЖШС өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында бұлтты есептеулер, жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы ең жаңа технологиялармен танысуға тамаша мүмкіндік берілді. Сондай-ақ аталған технологиялардың қабаттың мұнай беруін арттыруға, барлау жұмыстарының тиімділігін күшейтуге және пайдалану шығындарын азайта отырып, бұрғылау нәтижелерін жақсартуға қалай ықпал ететіні көрсетілді. Сонымен қатар бұл форум барлау және өндіру саласындағы әлемдік басшылармен, мамандармен, озық технологиялар көшбасшыларымен және салалық сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік берді.