«KMG Barlau» ЖШС-і сатып алу қызметі келесідей нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі:

- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» ҚР 2021 жылғы 08 маусымдағы №47-VII Заңы;

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі;

Корпоративтік сатып алу жүйесінің базалық қағидаттары ашықтық пен есептілікті, қаражатты оңтайлы жұмсауды және инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды, бизнес үшін кедергілерді жоюды, әлеуметтік жауапкершілікті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді айқындайды.

«KMG Barlau» ЖШС-і сатып алуды сатып алу рәсімдерінің жоспарлаудан бастап шарттарды орындауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтитын бірыңғай сатып алу платформасы болып табылатын www.zakup.sk.kz электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде (ЭСАЖ 2.0) жүргізеді.