
Shell және Chevron компанияларымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты нығайту аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Али Әл-Джанабимен және Chevron корпорациясының Еуразия бөлімшесі басқарушы директорының орынбасары Дилан Морганмен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — «KMG Barlau» ЖШС Shell және Chevron компанияларымен Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар» жобасы бойынша геологиялық ақпаратты пайдалану құқығына қатысты келісімдерге қол қойды.
Shell және Chevron секілді халықаралық мұнай алпауыттарымен ынтымақтастық ҚазМұнайГазға деген жоғары сенімді және геологиялық барлау саласына озық технологияларды енгізуге деген ұмтылысты айқындайды.


