Елбасының жолдауы
Геологиялық барлау ерекше назарды қажет ететін сала. 2018 жылы минералдық-шикізат базасын
толықтыру мақсатында тау-кен секторын басқарудың жаңа заңнамасы қабылданды. Алайда ол әлі
толыққанды жұмыс істемей отыр. Соның нәтижесінде ресурстарға бай елімізде ұзақ уақыт бойы
елеулі геологиялық ашылымдар тіркелмеді. Бұл жағдайды шұғыл өзгерту қажет.
Жақын арада тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту міндеті алда тұр.
Көптеген елдерде бұл саланың негізгі қозғаушы күші — жекеменшік компаниялар. Сондықтан ірі
жеке инвестицияларды тарту саланың әлеуетін ашуға шешуші түрде ықпал етеді. Бұл үшін икемді реттеушілік және салықтық жағдайлар қажет. Өз қаражаты есебінен геологиялық зерттеулер жүргізетін инвесторларға жер қойнауын
пайдалануға басымдық құқығын беру керек. Жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есеге
қысқарту үшін кешенді мемлекеттік сараптама енгізіліп, үдерістер толық цифрландырылуы тиіс.
Үкіметтің мақсаты — 2026 жылға дейін геологиялық-геофизикалық зерделенген аумақты қазіргі 1,5 миллион шаршы километрден кемінде 2,2 миллион шаршы километрге дейін ұлғайту..
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сіз мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары,сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.
8 800 080 47 47
WhatsApp арқылы байланыс үшін жедел нөмір
8 771 191 88 16
Интернет-портал
www.sk-hotline.kz
Электрондық пошта
mail@sk-hotline.kz
Жедел желіге тәуелсіз оператор — KPMG компаниясы қызмет көрсетеді