
2025 жылғы 5 маусымда Атырау қаласында “KMG Barlau” ЖШС үшін маңызды іс-шара — Жайық өзенін балықтандыру жұмыстары өтті. Аталған бастама мердігер “БИДЖИПИ Геофизикалық қызметтер (Қазақстан)” ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара Жайық-Каспий су бассейнінің биоалуантүрлілігін сақтауға және компанияның табиғатты қорғау міндеттемелерін орындауға бағытталған.
Балықтандыру жұмыстары 2024 жылы Маңғыстау облысындағы Болашақ учаскесінде 2D-МОГТ сейсморазведка жұмыстарын жүргізу барысында келтірілген залалды өтеу аясында жүзеге асырылды.
Жайық өзеніне “Ақтау-Балық-LTD” ЖШС балық өсіру зауытында өсірілген орыс бекіресінің 5 500 дана шабағы жіберілді. Іс-шара арнайы комиссияның және Атырау қаласы жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Оның өткізілуі алдын ала Атырау облысының өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
“KMG Barlau” компаниясы Қазақстан Республикасының экологиялық стандарттары мен табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға ерекше мән береді. Біз жауапты табиғат пайдалануға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға және геофизикалық жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы экожүйелерді сақтауға бағытталған қағидаттарды ұстанамыз.

