Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат, Б блогы, 4-қабат мекенжайында орналасқан «KMG Barlau» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 193 хаттамасымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп пайыз дауыс беретін акциялары (қатысу үлесі) тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне № 13 қосымша «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібінің» (бұдан әрі – Тәртіп) 16-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған «KMG Barlau» ЖШС-ның 2026-2027 жылдарға арналған жылдық қаржылық есептілігінің аудиті жөніндегі қызметтерді алдағы уақытта ерекше тәртіпті қолдана отырып, сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің өткізілетінін хабарлайды.

Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома: 2026 жылға 19 900 000 (он тоғыз миллион тоғыз жүз мың) теңге, ҚҚС-сыз; 2027 жылға 14 175 000 (он төрт миллион жүз жетпіс бес мың) теңге, ҚҚС-сыз.

Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, көлемі, толық сипаттамасы және қызметтерді көрсету мерзімі қатысу жөніндегі сұраныста (техникалық ерекшелікте) көрсетілген. Қатысу жөніндегі сұраныстың көшірмесін 2026 жылғы 29 қазанды (қоса алғанда) дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат, Б блогы, 4-қабат мекенжайы бойынша немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық адресіне тиісінше сұрау жолдау арқылы электрондық поштамен алуға болады.

Қатысу жөніндегі сұраныстың көшірмесін алу үшін әлеуетті өнім берушілер Серіктестікпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қоюға міндетті.

Әлеуетті өнім берушілер қатысуға арналған өтінімдердің конверттерге мөрленген түпнұсқаларын Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат, Б блогы, 4-қабат мекенжайы бойынша Серіктестікке сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін ұсынады (жібереді), жеделдету мақсатында өтінімдердің көшірмелерін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық адресіне жіберуді сұраймыз.

Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатысуға өтінімді қолма-қол ұсынған жағдайда әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаларға аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсыну құқығына берілген сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиіс.

Қатысуға арналған өтінімдердің түпнұсқаларын ұсынудың соңғы күні – 2026 жылғы 29 қазанда сағат 17:00-ге дейін.

Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысу жөніндегі өтінімдер салынған конверттер 2026 жылғы 30 қазан күні сағат 15:00-де мына мекенжайда ашылады: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат, Б блогы, 4-қабат.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (7172) 97-76-31, 97-76-42 телефондары арқылы алуға болады.

Сіз мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары,сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.

8 800 080 47 47


WhatsApp арқылы байланыс үшін жедел нөмір
8 771 191 88 16

Интернет-портал
www.sk-hotline.kz

Электрондық пошта
mail@sk-hotline.kz


Жедел желіге тәуелсіз оператор — KPMG компаниясы қызмет көрсетеді

▲